Карты на летнее время уже заканчиваются!
У нас только сейчас есть карты на короткий срок. Успейте купить карту до конца лета! Ждем Вас в клубе: ☎ 339-339
У нас только сейчас есть карты на короткий срок. Успейте купить карту до конца лета! Ждем Вас в клубе: ☎ 339-339
Идеальное время начать заниматься фитнесом в приятной компании... Только с 01 по 15 августа приобретая годовую карту вы получаете вторую в подарок! Подробнее в отделе продаж ☎ 339-339
Сделайте подарок любимым родителям, бабушкам и дедушкам! Благодаря фитнес-клубу "KASIET" здоровье, энергия и радость движения доступны и безопасны для зрелых людей. Подробности по телефону: ☎ 339-339
Авторский дизайн, Гелевое покрытие и Маникюр всего за 3000 тенге весь Август в Салоне Красоты "KASIET"! Только по понедельникам, средам,
Заманауи өмірде дұрыс әрі тік мүсіннің тақырыбы өзекті болып тұр, өйткені біздің омыртқа жолымыздың денсаулығы тік мүсінге тікелей байланысты. 21-22 маусым күндері Ресей және ТМД елдеріндегі LifeFitness ресми өкілінің басшылығымен өткен «TRX ілмектерімен функционалды тренинг» және «Адамның дене мүсінінің ерекшеліктерін ескере отырып орындалатын жаттығулар процессі» семинар-тренингтері ұйымдастырылды, онда «KASIET» фитнес-клубының 11 нұсқаушысы қатысты.
Білікті нұсқаушы Антон Шапочкаға пайдалы, ең бастысы нәтижелі техникалары үшін алғыс айтқымыз келеді, ол техникаларды біздің нұсқаушылар өз тәжірибелерінде қолдануды қазірден бастады.
Сонымен қатар тренинг бағдарламасында TRX жоғары нәтижелі метаболикалық тренажерларында жаттығу жасау әдістері де игерілді. Тепе-теңдікті үнемі сақтап отыру қажеттілігінің арқасында бұл техника бойынша діттеген мақсатқа оңай қол жеткізуге болады. Қазір біздің мамандар игерілген материал бойынша аттестация тапсыруға дайындалып жатыр.
Жаздың алғашқы күні, мектеп каникулдарының басталуы және балаларды қорғау күні! Бұл күн – әрбір мектеп оқушысының сүйікті күндерінің бірі. Ал «Royal Club Fitness & Spa» және «KASIET» фитнес-клубтарындағы балалардың есінде бұл күн өте тартысты футбол турнирінің өткен күні ретінде сақталатыны анық. Жарыстан екі ай бұрын біздің балаларға арналған клубымызда клуб мүшелері болып табылатын 8-10 жас аралығындағы ұл балалардан өтінімдер қабылданды, нәтижесінде 2 топ құрылып, клубтар арасында турнир ұйымдастырылды. Көрермендер мен жанкүйерлер жарысты тартысты әрі қызықты деп танып, өте жоғары бағалады.
Royal Club командасында қосылқы ойыншылар саны көп болды, қатысушылардың барлығы кубок үшін аянбады, ал бір ғана қосалқы ойыншысы бар Kasiet тобы ештеңеге қарамай олардан кем түспеді. Спорттық жарыс нәтижесінде жеңіске алаң иелері қол жеткізді, алайда есеп айырмашылығы тек 6:7 құрады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Өмірдің гүлі болып табылатын балалар күні мерекесі құтты болсын!
Біз көңіл көтере аламыз! Және біздің клубтардың туған күндерінің құрметіне ұйымдастырылған «Сәнқойлар» кеші соның дәлелі. Басынан бастап кеш шексіз қуаныш пен шаттыққа толы кездесулердің күйіне бөленді. Шоу-бағдарлама кешке ерекше көңіл-күй қосып, одан әрі бұл көңілді әрі ұйымшыл сәнқойларды ешкім тоқтата алмады! Мінсіз таңдалған музыка, дәмді тағамдар және ынтымағы жарасқан жылы шырайға толы адамдар тобы - мамырдың жылы кешіне бұдан артық не қажет?! Кешке келіп, бізді өз көңіл күйлерімен қуантқан барлық жандарға алғыс білдіреміз! Бұл кешке үлгермей, қызықтан құры қалғандар міндетті түрде жаңалықтарды бақылап, келесі шаралардан қапы қалмаңыздар!