"TRX және тік мүсін" әдістері бойынша біздің нұсқаушылардың алған білімі
Заманауи өмірде дұрыс әрі тік мүсіннің тақырыбы өзекті болып тұр, өйткені біздің омыртқа жолымыздың денсаулығы тік мүсінге тікелей байланысты. 21-22 маусым күндері Ресей және ТМД елдеріндегі LifeFitness ресми өкілінің басшылығымен өткен «TRX ілмектерімен функционалды тренинг» және «Адамның дене мүсінінің ерекшеліктерін ескере отырып орындалатын жаттығулар процессі» семинар-тренингтері ұйымдастырылды, онда «KASIET» фитнес-клубының 11 нұсқаушысы қатысты.
Білікті нұсқаушы Антон Шапочкаға пайдалы, ең бастысы нәтижелі техникалары үшін алғыс айтқымыз келеді, ол техникаларды біздің нұсқаушылар өз тәжірибелерінде қолдануды қазірден бастады.
Сонымен қатар тренинг бағдарламасында TRX жоғары нәтижелі метаболикалық тренажерларында жаттығу жасау әдістері де игерілді. Тепе-теңдікті үнемі сақтап отыру қажеттілігінің арқасында бұл техника бойынша діттеген мақсатқа оңай қол жеткізуге болады. Қазір біздің мамандар игерілген материал бойынша аттестация тапсыруға дайындалып жатыр.
Кескіндер галлереясы
https://kasiet.kz/kk/sobytiya/79-trx-zh-ne-tik-m-sin-disteri-bojynsha-bizdi-n-s-aushylardy-al-an-bilimi.html#sigProIdc1d7ea780e