Тренажерный зал
Көп жағдайда адамдар жаттығу залына дене мүсінінің пропорциясын жақсартып, қалыпқа келу және артық салмақтан арылу мақсатында баратыны заңдылық. Сонымен қатар жаттығу залында спортпен шұғылдану арқылы: координация, күш, төзімділік, жылдамдық көрсеткіштері және икемділік секілді дененің барлық физикалық сапаларын жақсартуға болады. Көптеген клиенттер жаттықтырушы немесе спорттық дәрігердің көмегімен келісімді түрде жаттыға отырып, денсаулығына қатысты көп мәселелерді шешеді. Өйткені күштік жабдықтардағы жаттығулар механотерапия болып табылады және көптеген аурулардың алдын алады.
АҚШ елінің «CYBEX» фирмасының (кәсіби жабдықтар өндіру жөніндегі әлем көшбасшысы) кардио-аймақ және күштік жаттығу құрылғыларымен жабдықталған жаттығу залы (700 ш.м.) бар.
Тек біздің клуб қана сіздерге осындай сапалы жаттығу жабдықтарын ұсынатынына кепілдік береміз. Кардио аймақ және күштік кешенде 40 астам жаттығу жабдықтары бар. Еркін таразылар аймағы (зілтемір мен гантельдер қатары) сізге кез-келген уақытта күштік жаттығулар жасау үшін дұрыс салмақ таңдап алуға көмектеседі.