Спорттық дәрігердің кабинеті
Фитнес тестілеу ұғымы
Медициналық қызметтің маңызды бағыттарының бірі фитнес–тестілеу болып табылады.
Фитнес-тестілеуді анықтау.
Заманауи жағдайларда фитнес-тест - бұл клиенттің морфологиялық және функционалдық жағдайын анықтауға, мүмкін болатын қарсы көрсетілімдер мен сабақтарға шектеулерді белгілеуге, сәйкес жеке бағдарламаны таңдауға мүмкіндік беретін мамандар жүргізетін зерттеулер кешені.
Негізгі фитнес-тестілеуді келесі жолмен ұсынуға болады:
1-қадам. Алдын ала әңгіме.
2-қадам. Сұрақ қою.
Қадам 3. Фитнес тестінің стратегиясын анықтау
4-қадам. Антропометрия.
5-қадам. Физикалық тексеру.
6-қадам. Функционалдық сынақтар.
7-қадам. Құжаттаманы толтыру.
8-қадам. Фитнес бағдарламаларын дайындау бойынша ұсыныстар.
Базалық фитнес-тест бірінші және қайталанбалы (белгілі бір өзгерістермен) фитнес-тестілеу ретінде өткізіледі.
Фитнес-тест алдын ала жазылу бойынша 40-60 минут аралығында жүргізіледі.
Фитнес-тестілеу күні адамға берілетін жүктеме айтарлықтай ауыр, сол себепті тестілеу күнінде жаттығу жасауға болмайды.
Фитнес-тесттің келесі түрлерін ерекшелейді.
- алғашқы фитнес-тест – адамның физикалық ахуалын анықтайтын және оның денсаулығын бағалауға мүмкіндік беретін зерттеулер кешені. Клиенттің жағдайын жаттығулардан бұрын анықтап, денсаулық бағдарламасын жоспарлау үшін жасалады. Оның нәтижесінде - фитнес-пішін, яғни жүргізілген зерттеудің графикалық көрсеткіші құрылады. Клиенттің осал және мықты жақтары анықталып, оның клубта жасайтын фитнес жаттығуларының қайсысына ден қойып жасап, қайсысын жасамау керектігі жөнінде кеңес беріледі.
- Қайталанып жасалатын тест – бірінші жасалған фитнес-тест пен екінші жасалған талдаудың нәтижесін салыстыру және кешенді зерттеулер жасау үшін өткізіледі. Клиенттің денсаулығын бақылау үшін және жаттығу бағдарламасын қадағалау үшін үш айда бір рет (өте белсенді бағдарламалар кезінде немесе денсаулыққа қатысты мәселелер туындаған жағдайда айына бір рет өткізіледі) жүргізіледі. Тест жаттығудың мықты және әлсіз тұстарын көрсетіп, фитнес клубқа келу бағдарламасын түзеуге мүмкіндік береді.
- Балалар фитнес-тесті – 5-12 жас аралығындағы балаларға бейімделіп дайындалған зерттеу бағдарламасы. Баланың физикалық дамуын тиісінше бағалап, балалар фитнесіне қатысты пайдалы әрі нәтижелі бағдарламаларды пайдалануға кеңес береді.
Қосымша қызметтер ретінде медицина департаментінің дәрігерлері келесі қызметтерді жүргізуі мүмкін:
** Биоимпедансты жолмен дененің құрамын талдау. Келесі көрсеткіштерді анықтауға көмектеседі: ағзадағы бұлшықет массасының, судың және майдың пайыздық құрамы. дұрыс тамақтану бойынша кеңестерді жасау және жаттығу барысын түзеу.
**Сомаметрия (калипометрия) – тері асты май қатпарлары мен дененің көлемін өлшеу. Аталмыш процедура дене құрамын биоимпедансты әдіспен зерттеу құрамын керемет толықтырады. Жиналған майдың сегменттерге бөлінуін анықтап, жаттығу бағдарламасын түзетуге көмектеседі.
** Тамақтану бағдарламасын құру – диета клиенттің ағзасының ерекшелігі және жаттығудың мақсатына сай (азу, салмақ қосу, дене бітімін қалыпқа келтіру және т.б.) жасалады. Бағдарлама қоректік заттардың дәрумендердің және микроэлементтердің керемент балансын қамтамасыз етеді. Зат алмасу процессін қалыпқа келтіреді. Пайдалануға ыңғайлы әрі спортпен және фитнеспен айналысатын жандарға бейімделген.
** Емдік дене шынықтыру (ЕДШ) – қалыпқа келу мен денсаулықты түзеудің емдік әдісі, оның негізізі – жарақат алғаннан кейін немесе қандай да бір сырқаттан соң ем қабылдау кезінде денсаулықты түзеу мақсатында физикалық жаттығулар жасау болып табылады. ЕДШ басты мақсатымен қатар (зақымдалған функцияларды қалыпқа келтіру) реакцияның жылдамдығын, күшті, төзімділікті, ептілікті және координацияны икемдеп, аурудан, жарақаттан немесе басқа да патологиялық жағдайлардан соң жылдам қалыпқа келіп, қоғамдық-еңбекке араласауға септігін тигізеді.
** Емдік массаж –денені арнайы аппараттармен ауа, су немесе басқа да заттарды қолдана отырып әр түрлі құралдармен адамның ағзасы және дене тіндеріне ысқылау, басу, дірілдету әрекеттері арқылы емдік немесе түзеу нәтижесіне жетудің механикалық немесе рефлекторлық әдістердің жиынтығы. Нәтижені жақсарту үшін мехинкалық әсерлерге қосымша массажға арналған майлар, хош иісті, емдік майлар мен гельдер, басқа да препараттар мен температуралық ықпал еткіштер пайдаланылады.