Клуб картасына тапсырыс

contact phone+7 (777) 111-28-58

contact phoneШымкент қ., Үркімбаев көш., н/с

contact phoneДс-Жм 7:00 - 23:59; Сб-Жс 9:00 - 22:00;

Әсемдік салоны

Шаштараз залы

Керемет қызмет көрсету, сауатты қызметкерлер және сұлулық индустиясында пайда болып жатқан жаңалықтар – мұның барлығын сіз BeautyKasiet әсемдік салонынан таба аласыз!

Салонның әрбір қонағына біз жеке дара қараймыз. Әрбір адам жеке тұлға екені сөзсіз, алайда біздің hair және  nail стилисттерге келсеңіз сіздің тұлғаңыздың ерекшелігі одан сайын әрленіп, сіздің харизмаңыз артады. «Білім инемен құдық қазғандай» екенін ескере отырып, біз әрдайым заманға сай білімімізді арттырып отыруға тырысамыз. Біздің мамандардың шаш үлгісін жасауына, шашты бояу тәсілдеріне және емдеу шараларына қатысты әр түрлі технологияларын және шашты химиялық түзеу және қауіпсіз бұйралау әдістеріне риза болатындарыңыз анық. Біздің мамандар жасайтын іс – жоғарғы мектеп, жоғары деңгей. Сол себепті біздің тұрақты клиенттеріміз өздерінің шашатарын бізге әр жолы сеніп тапсырып келе жатқанына бірнеше жыл болды.

Өзіңіздің сұлу бейнеңізді одан әрі ерекшелендіріп, тұлғаңызды түрлендіріп, сұлбаңыздың сымбатын келтіремін десеңіз, қайталанбайтын образ жасағыңыз келсе міндетті түрде бізге келіңіз!

Маникюр мен педикюр залы

BeautyKasiet салонында маникюр мен педикюр шараларына ерекше қарайды, өйткені ол сіздің образыңызды аяқтайтын әрі ерекшелейтін керемет шара.

Егер сіздің қолыңыз бен аяғыңыз ұқыпты көрінбесе көйлегіңіздің қаншалықты әдемі екендігі немесе макияжыңыздың сапасы мен орындалуы маңызды емес. Бір қарағанда болмашы нәрседей көрінетін жайттардың өзі бүкіл имиджді бүлдіре алады. Бұл «қарынмайды шірітетін бір құмалақтың» дәл өзі. Біздің салонда сізге маникюрдің келесі түрлерін ұсына алады:

Европалық, классикалық, SPA–маникюр, ерлерге арналған және әйелдерге арналған маникюр. Сонымен қатар сіз гель немесе лак жабынын таңдай аласыз. Біз әсемдікке қатысты жаңалықтарды үнемі бақылап жүреміз және біздің nail стилистикасындағы мамандарымыз сіздерге үнемі қуана-қуана үздік қызмет көрсетеді.

Біздің салонның артықшылықтары:

  • Кәсіби қарым-қатынас
  • Жауапкершілік пен сапалы қызмет
  • Үнемі ізденісте жүретін талапшыл клиенттер үшін біздің заманауи сапалы жабдықтарымыз өте маңызды
  • Әсемдік саласындағы көп жылдық тәжірибеміз бізге әрбір клиентке не керегін білуге мүмкіндік береді
  • Біздің бағаларымыз қалтаға қонымды