Клуб картасына тапсырыс

contact phone+7 (777) 111-28-58

contact phoneШымкент қ., Үркімбаев көш., н/с

contact phoneДс-Жм 7:00 - 23:59; Сб-Жс 9:00 - 22:00;

Клуб туралы

ФИТНЕС – заманауи адамның өмірінің маңызды бір бөлшегі. Ол дененің сымбаты мен жанның қуатын сақтап қалудың керемет тәсілі. «KASIET» - қаладағы жалғыз әлем деңгейіндегі фитнес-клуб. Тек қана бізде сіз өзіңізді қызықтыратын бағаттардың барлық түрлерін таба аласыз.

Біздің кешенде:

АҚШ елінің «CYBEX» фирмасының  кардио-аймақ және күштік жаттығу құрылғыларымен жабдықталған жаттығу залы (700 ш.м.) бар.

Тек біздің клуб қана сіздерге осындай сапалы жаттығу жабдықтарын ұсынатынына кепілдік береміз. Кардио аймақ және күштік кешенде 40-тан астам жаттығу жабдықтары бар. Еркін таразылар аймағы (зілтемір мен гантельдер қатары) сізге кез-келген уақытта күштік жаттығулар жасау үшін дұрыс салмақ таңдап алуға көмектеседі.

Бассейндер жабық кешені (жалпы ауданы 700 ш.м.) – біздің клубтың мақтанышы. Жүзуге арналған үлкен бассейн (ұзындығы 25 м, тереңдігі 1,5 метрден 1,8 метрге дейін) сізге барынша ыңғайлы жаттығып, суда жүзуге мүмкіндік береді. Бес дәрежелі су тазарту жүйесі бассейнде жүзудің денсаулыққа еш зиян келтірмейтініне кепілдік береді. Судың жылы температурасы жылдың кез-келген мезгілінде сіз үшін суда жүзуді жайлы етеді. Бассейннің керемет дизайнының арқасында сіз жаздың аптап ыстығында күн көзінен жасырынып, ал қыста үлкен витраждық терезелер арқылы судың ішінен сыртта жауып жатқан қарды тамашалай аласыз.

Спорттық жабдықтар өндіретін жетекші фирмалардың арнайы жаттығу құрылғыларымен жабдықталған топтық бағдарламалар өтетін алты зал бар. Ол қазіргі таңда бүкіл әлемде әйгілі болып тұрған аэробика мен бидің барлық бағыттарын қамтуға мүмкіндік береді. Сол залдардың бірінде арнайы амортизациялағыш еден жабыны «жылжымалы паркет» орнатылған, ол қимыл-тірек аппаратын секіру немесе құлау кезінде соққыдан қорғайды. Бұл біздің қаламыздағы аэробика залдарының әлемдік стандарттарына сай келетін жалғыз үлгісі болып табылады.

Сайкл залы.  Schwinn фирмасының  Bike-жаттығу құралдары сізге нағыз велосипед жарысының атмосферасын, бәсекелестік пен жеңістің дәмін сезінуге мүмкіндік береді.

Фитнес-тестілеу – сіздің жаттығуларыңыздың қауіпсіздігі мен жайлылығы! Клуб ұсынған функционалды диагностика бойынша білікті маманмен өтетін тегін тестілеуден өту мүмкіндігін міндетті түрде пайдаланыңыз. Оның кеңестері сізге жаттығудың басында жаттығу бағдарламасында орын алып тұрған қателіктерді жойып, қысқа мерзімнің ішінде өз жаттығуыңыздың жоғары нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Функционалды диагностика кабинеті сіздің ағзаңыздағы май мөлшерін өлшейтін құрал, каллипериметрмен және дәл сізге қандай жаттығу жүктемелерін пайдалану керектігін анықтайтын велоэргометр бар. Арнайы тестілердің кешені сізге қажетті жаттығу сабақтарының бағытын айқындайды.

Кез-келген талғамға сай келетін моншалар мен сауналардың түрлері  буланудан және шомылудан рахат табатын қонақтарға таптырмас орын. Клубта фин саунасы мен «хамам» түрік моншасы бар. Ал VIP-қонақтарға қосымша бассейні және арнайы демалыс бөлмесі бар орыс және марокко моншаларында демалуға мүмкіндік бар.

Спа-салон. Әрбір әйел өзінің жасы мен жағдайына қарамай әрқашан 100% әдемі болып жүруді қалайды. Біздің спа-салон сізге осы мақсатқа жетуге көмектеседі. Кәсіби косметологтар дәл сіздің теріңізге мінсіз сәйкес келетін күтім құралдарын таңдауға көмектеседі. Аса кәсіби шаштараз мамандар сізге керемет шаш үлгісін жасап береді. Маникюр мен педикюр шеберлері өздерінің тыңғылықты жұмысымен сіздің көңіліңізден шығатынына сенімдіміз. Солярий сеансын алатын болсаңыз жыл мезгілі мен ауа-райына қарамай сіздің теріңіз әрқашан мінсіз күнге күйген терінің қоңырқай түсінде болады.  Білікті массажисттер күйзеліске толы жұмыс күні немесе ауыр жаттуғылардан соң денеңізді босаңсытып, шаршаудан арылуға мүмкіндік береді.

Фитнес-бар. Біздің фитнес барда сіз физикалық жүктемеден соң күшіңізді жылдам қалыпқа келтіріп, жаттығулар арқылы жылдам нәтижеге жету үшін жүйелі түрде ақуыз коктейльдерін іше аласыз.

Біздің клубта кез-келген адам дәл өзіне не қажет болса, соны таба алады.

«KASIET» фитнес-клубының ұжымдық клиенттерге, жеке клиенттерге, олардың отбасы мүшелері мен қонақтарына арналған әр түрлі жағымды ұсыныстарға толы бағалар саясаты бар.  Біз сізге клубтың шарттарына сай бағасы тиімді, төлеу тәсілі мен уақыты сізге ыңғайлы клуб картасын таңдауға көмек береміз.

Заманауи жабдықтар, жағымды атмосфера, клубтың барлық бөлмелерінің көркем әрленуі, қауіпсіздік, қамқорлық пен жылы жүзді қызметкерлеріміздің кәсіби біліктіліктері - мұның барлығы да біз сізге ұсына алатын фитнеспен айналысудың ең ыңғайлы шарттары.  

 «KASIET» фитнес-клубы – бұл белсенді салауатты өмір салтын ұстанушыларға керемет көңіл күй сыйлайтын қызметтер кешені.