Клуб картасына тапсырыс

contact phone+7 (777) 111-28-58

contact phoneШымкент қ., Үркімбаев көш., н/с

contact phoneДс-Жм 7:00 - 23:59; Сб-Жс 9:00 - 22:00;

«Royal Club Fitness & Spa» және «KASIET» фитнес-клубтарындағы балалар арасында өткен футбол турнирі

Жаздың алғашқы күні, мектеп каникулдарының басталуы және балаларды қорғау күні! Бұл күн – әрбір мектеп оқушысының сүйікті күндерінің бірі.  Ал «Royal Club Fitness & Spa» және «KASIET» фитнес-клубтарындағы балалардың есінде бұл күн өте тартысты футбол турнирінің өткен күні ретінде сақталатыны анық. Жарыстан екі ай бұрын біздің балаларға арналған   клубымызда клуб мүшелері болып табылатын 8-10 жас аралығындағы ұл балалардан өтінімдер қабылданды, нәтижесінде 2 топ құрылып, клубтар арасында турнир ұйымдастырылды. Көрермендер мен жанкүйерлер жарысты тартысты әрі қызықты деп танып, өте жоғары бағалады.

Royal Club командасында қосылқы ойыншылар саны көп болды, қатысушылардың барлығы кубок үшін аянбады, ал бір ғана қосалқы ойыншысы бар Kasiet тобы ештеңеге қарамай олардан кем түспеді. Спорттық жарыс нәтижесінде жеңіске алаң иелері қол жеткізді, алайда есеп айырмашылығы тек 6:7 құрады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Өмірдің гүлі болып табылатын балалар күні мерекесі құтты болсын!