Клуб картасына тапсырыс

contact phone+7 (777) 111-28-58

contact phoneШымкент қ., Үркімбаев көш., н/с

contact phoneДс-Жм 7:00 - 23:59; Сб-Жс 9:00 - 22:00;

Super User

Super User

Спорттағы бәс

5 наурыз күні «KASIET» фитнес-клубында клуб мүшелері қатысқан  «Спорттағы бәс» жобасы іске қосылды. Әйелдер мен ерлер әр түрлі топтарда жарысты. Жеңімпаздарды анықтау «Танита» құрылғысында биоэлектрикалық импеданс (май тінін жоғалту % айырмашылықтың ең үлкен көрсеткіші) әдісімен жүргізілді.

Негізгі қатысушылармен қатар клуб қызметкерлері де өзара жарысты. Олардың сайысы 2 сәуір күні басталды. Қос жарыстың нәтижесі 15 мамыр күні  қорытындыланды.

Фитнес-нұсқаушылар, уқалаушылар, косметологтар және диетологтардың кәсіби тобымен бірге қатысушылар керемет нәтижелер және өздерінің төзімділіктері мен ерік-жігерлерін көрсетті.

Барлық қатысушыларға қатысқандары және клубқа сенім танытқандары үшін алғыс айтамыз және алдағы уақытта жеңістер мен сәттілік тілейміз. «Ең басты жеңіс – ең әуелі өзіңнің кемшіліктерің мен жалқаулығыңды жеңу».

Добаның жеңімпаздары

Клуб мүшелері:

  • Кандауров Вячеслав – 7,1%
  • Цыганкова Вероника – 7,2%

Клуб қызметкерлері:

  • Абдулин Ратмир – 8%
  • Кобжасарова Кадиша – 4,3%

Би марафоны

8 наурыз қарсаңында бағдарламалар топтарының нұсқаушылары өте көңілді би марафонын ұйымдастырды, онда  «KASIET» клубының қонақтары Латын Самбасы, Стрипдэнс, Қазақ, Өзбек және салмақтан арылтатын Кан-кан   билерінің ырғағына шомылып, позитивті көңіл күйге бөленіп, бонус ретінде бірнеше жүздік калориядан арылды!

«KASIET» фитнес-клубының клиенттері арасындағы «зілтемірді жатып көтеру» сайысы

Жарыстың жеңімпаздары:

16-35 жас жас аралығындағы топ:

  • 1 орын - Макакенко Василий
  • 2 орын - Саитов Хамза
  • 3 орын - Дусанов Сафархан

36-50 жас жас аралығындағы топ:

  • 1 орын - Хакимов Андрей
  • 2 орын - Ураймашев Руслан
  • 3 орын - Макенов Малик

50 жас және одан үлкендер тобы:

  • 1 орын - Укбаев Артур

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Осы RSS каналға жазылу